Кемпірқосақ (сөз)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кемпірқосақ. Сөз мағынасы кез келген қазаққа түсінікті. Ал сөз төркіні қайдан шықты деген мәселеге келсек, бұл жөнінде бірен-саран автордың аңызға сүйенген тұспал, долбарын ғана кездестірдік. Мысалы, 1918 жылы Б. А. Куфтиннің ел арасынан жинап,бастырған аңыз, ертегісі. Автордың ойынша, мыстан кемпір аспанда, жаңбырдан кейін өзінің түрлі-түсті қойларын қосақтап саууының нәтижесінде табиғат құбылысының бір атауы келіп шыққан. Ғылымда бұл сияқты жорамалды «халықтық этимология» дейді. Оның дұрысынан бұрысы молырақ болатындықтан, таза тілдік деректерге сүйенген жөн.

"Кемпірқосақ" cөзі "Кем бір қосақ" сөз тіркесінен шыққан. Жеті түсті доғадан құралғандықтан, доғаларды үш қосқа және бір дара (қосақсыз) доғаға бөлуге болады. Соңғы қостың бір қосағы кем болғандықтан "кем бір қосақ" сөзі тұрақты сөз тіресіне айналып кеткен, Қазақ тіліндегі ілгерінді ықпалдың нәтижесінде "б" ұяң дыбысы "м" үнді дыбысының ықпалынан "п" қатың дыбысына айналып, "кемпірқосақ" атауы шыққан.

Қолда бар тіл деректеріне назар аударсақ, «кемпірқосақ» біріккен сөзінің төркінін анықтауға боларлық. мынадай мәліметтерге тап боламыз. 1970 жылғы арабша-орысша сөздікте кузах — әшекейлеу, безендіру сияқты мағына меншіктенсе, ал «кус кузах»— біздегі «кемпірқосақ» дегенді ұғындырады. Араб тіліндегі «қус кузах» тіркесінің алғашқы сыңары — «қустың» мағынасы — «иілген» немесе «доға сияқты» мағыналар береді. Демек, бұл тілдегі «кус кузах» тіркесін қазақ тіліне сөзбе-сөз аударсақ «әшекейлі доға» болмақ. Арабша «қус» сөзі «садақ» мағынасына да ие. Жалпы алғанда, иілген заттарға осы сөз қолданылатындығы байқалады. Тіліміздегі «кемпірқосақ» сөзінің соңғы сыңары (қосақ) қайдан пайда болғандығы дау тудырмаса керек. Араб тіліндегі «кузах»—бізге ауысқанда «қосақ» қалпыңа дейін өзгерген. Енді осы өзгерген «қосақ» сөзінің алдына «кемпір» қалайша киліккен. Шын мәнісінде, қазіргі біз қолданылып жүрген «кемпір» мағынасындағы сөз бе? Біздің ойымызша, оның қазіргі «кемпірғе» үш қайнаса сорпасы қосылмайтын сияқты. Мысалы, иран тілінде әрбір иіліп жасалған зат атауының түбірі — кем, кеман — садақ; кемер —1. белбеу; 2. күмбез т. б. В. Рад,. Опыт..., II, 2, 1203, 1206). Иран тіліндегі «күмбез» мағынасын беретін «кемер» араб тілінің «кузах» сөзінің алдында тұрып, тіркес құрып, сол күйінде («кемер кузах») қазақтарға ауысып, дыбыстық өзгерістерге ұшырай отырып, «кемпірқосақ» қалпына дейін жеткен. Бұл ойымызды басқа да түркі тіліндегі осы мағынаны беретін сөздер анықтай түседі. Түрікмен тілінде — әлемгошор, якутша — кустук. Осы тілдердегі «гошар», «кустук». араб тіліндегі «кузах» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен тұлғасы деп қарауға болады. Сөйтіп, «кемпірқосақ»-тың нағыз қазақша мағынасы—«әшекейлі күмбез». Бұл жерде сөздердің орын ауыстыруы да болған (кемер//кемпір — күмбез, қосақ — әшекейлі).<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}