Кеме қатынас каналдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кеме қатынас каналдары — кеме қатынасына бейімделген және кеме қатынасы өзендері немесе теңіздерін бір кеме қатынастық жүйеге біріктіретін кеме жолының ұзындығын қысқартуға арналған канал. Жергілікті жер жағдайына және қосылатын екі ағын судың су горизонтының белгісіне байланысты Кеме қатынас каналдары шлюзді немесе шлюзсіз болуы мүмкін. Кеме қатынас каналдарының мөлшері осы каналдармен жүретін кемелердің габариттері бойынша анықталады. Әдетте, каналда жүзіп жүрген кемелер қалыптастыратын үлкенді-кішілі кемелік толқындар каналдардың грунт беткейлерін қиратады. Осыған байланысты кемелік толқындардың шамасына , кеме мөлшерімен, олардың жүрісінің жылдамдығымен және каналдың көлденең қимасының мөлшерімен анықталатын беткейлерді нығайту жұмыстары қарастырылады. Кемелерді қауіпсіз су жолымен, қамтамасыз ету үшін К.қ.к. кеме қатына¬сына қажетгі имараттармен жабдықталады. Кеме қатынас каналдарын тиімді және ұтымды пайдалану үшін оларда айлақ, разъезд, кеме жөндеу зауыттары, шеберханалар және т.б. орналастырылады. Кеме қатынас каналдары тас және темір жолдармен қиылысқанда көпір каналдың үстінен жасалса, ағын сулармен қиылысқанда көпір каналдың астынан құбыр немесе дюкер арқылы өтеді. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кеме қатынас каналдары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}