Кеме қатынайтын су жолдарындағы су пайдаланушылардың міндеттері
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кеме қатынайтын су жолдарындағы су пайдаланушылардың міндеттері — су пайдаланушылардың: суды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге; кеме қатынасын реттейтін органдардың талаптарын орындауға; сутоғандарының арналары мен жағалауларының, гидротехникалық жөне басқа да құрылыстардың бұзылуына жол бермеуге; басқа да заңды ұйымдар мен азаматтардың құқықтарын бұзбауға міндетті. Кеме қатынайтын жолдарды басқа мақсаттар үшін пайдаланатын заңды ұйымдар мен азаматтар кеме қатынасын реттейтін органдардың талаптарын орындауға міндетті. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>