Кемер (Қарағанды облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кемер– Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты темір жол станциясының оңтүстік-батысында 72 км жерде орналасқан төбе. Абсалютті биіктігі 563 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, ені 700 – 900 м. Оқшауланған Кемердің пішіні сопақша келген. Жер қыртысы девон жүйесінің төменгі және орта жыныстарынан түзілген. Маңында Сарықұс, Қараобa, Мұқтар төбелері мен Көпшоқыр, Жақсықұдық құдықтары бар. Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, тобылғы өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.<ref name=”test”>”Қазақстан Энциклопедиясы”</ref>
Сілтемелер
<references/>