Келін көңілі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Келін көңілі — қазақ ұлтының ертеден бері қалыптасқан салт. Әр отбасы әр адам екіқабат келіннің көңіл-күйі көтеріңкі болуы үшін қызмет етеді. Ол үшін ауыл-аймақ жастары мен келіндері „келін көңілі“ деген кеш ұйымдастырады. Мал сойылады, бауырсақ пісіріледі, қымыз сапырылады. Әнші, кұйші қыз-жігіттер жиналады. Әзіл-қалжың, ойын-күлкінің оты дуылдай түседі. Кешке жиналғандардың бәрі екіқабат әйелдің көңілін табу үшін өнері мен қызметін аянбай жұмсайды. Мұны көрген келін де жадырап, көңіліне үлкен сенім ұялайды, денсаулығы да жақсара түседі. Мұндай жағдай іштегі балаға да әсер етеді, тез жетіледі, денсаулығы да берік болады.

Үлгі:ДәйексөзТ.Тілеубекұлы

Көңілі күпті жүретін екіқабат әйелдің қас-қабағына қарау, оның көңілін орта түсірмей, аялап ұстау - қазақ ұлтының қашаннан бергі қалыптасқан қасиетті қағидасы. „Келін көңілі“ тек келін ғана емес, оның жанындағыларға игі әсер етеді.Үлкен-кішілеріде жақсы ән, сөз тыңдап бір жасап қалады. Кешті ұйымдастырғандарға қарт әжелер, аналар, ене кәдесін, жол - жораларын ұсынып, ақ батасын береді. Аталған дәстүрлі салт халық мәдениеті мен өнерінің бір көрінісі<ref>Салт-дәстүрлер кітабы , Атамұра 2011ж.</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер