Келінтөбе қалашығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Келінтөбе қалашығы – б.з.б. VII-VIII ғасырлардағы ежелгі қала орны.

Орналасқан жері

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде, Сырдарияның сол жағалауында орналасқан.

Сипаты

Қала көлемі 100×75 м, тік бұрышты, биіктігі 10 м төбе. Қаланың кіреберіс қақпасы шығыс жағында болған. Қала орнын 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген.
Қалашықтан ас дайындайтын, сусын ішетін қыш ыдыстардың сынықтары және азық-түлік сақтайтын күбі, көзелер табылды. Олардың жасалу тәсілдеріне қарағанда, қала тұрғындары б.з.б. VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Егін, мал шаруашылығымен айналысқан.<ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х</ref>

Әдебиет

  • Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б., Древний Отырар, А.-А., 1972.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте