Кедендік алымдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кедендік алымдар (Үлгі:Lang-en; Үлгі:Lang-de) - кеден органдары, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу, кедендік алып жүру үшін, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының кеден органдары бекітетін қоймаларда сақтау үшін алатын кедендік төлем түрлері. Қазақстан Республикасында кедендік алымдарға мыналар жатады:

  • 1) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;
  • 2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;
  • 3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым.

Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарынын құны кеден алымдарының мөлшерін айкындау үшін негіз болып табылады. Кеден органдары алатын алымдарға сондай-ақ мыналар да жатады:

  • 1) лицензия бергені үшін алым;
  • 2) кедендік ресімдеу жөніндеп маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым.

Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік күнын айқындау әдіснамасына қатысты алдың ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алдың ала шешім үшін төлемакы алынады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}