Кедей сөзі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Кедей сөзі” – газет, РК(б)П Сібір облыстық бюросының, Ақмола губерниялық бюросының органы. Алғашқы саны 1920 жылы ақпанда Омбы қаласында жарық көрді. Газеттің ол кездегі міндеті қазақ еңбекшілеріне рев. заң, тәртіпті насихаттау, қазақ ауылдарында Кеңес өкіметінің орнығуына көмектесу, жалпы жұрттың сана-сезімін ояту еді. Бұл парызды өтеу өте қиынға түсті. Өйткені халық шаруашылығы күйзелісте болатын. Әрі газеттің полиграфиялық базасы нашар болды, журналист мамандар жетіспеді. Тіпті редакцияның үйі де болмады. Сөйтсе де, газет алыс ауыл, аудандарға тарады, еңбекшілерге жаңалықты жеткізіп отырды. Газетте С.Садуақасовтың “Біздің мақсаттарымыз”, Мадиярдың (М.Дулатов) “Октябрь төңкерісінің 3-жылы” мақалалары және “Ай, Мәмбет!” сықақ-сұхбаты жарияланды. “Кедей сөзі” 1921 жылы 14 наурыздан Петропавлға ауыстырылып, “Бостандық туы” деген атпен, Ақмола губерниясы газеті болып шыға бастады. <ref name=”test”>”Қазақстан Энциклопедиясы”</ref>

Сілтемелер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кедей сөзі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}