Квитка Валерий Васильевич
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Квитка Валерий Васильевич (1939 жылы туған, Украина, Днепропетровск облысы Кривой Рог қаласы) – техникалық ғылымының докторы (1994), профессор (1996).
- 1963 жылы Криворожск тау-кен институтын бітірген.
- 1963–68 жылдары түсті металдар ғылыми-зерттеу институтында инжинер, аға инжинер, кіші, аға ғылыми қызметкер,
- 1968–92 жылдары бөлім және лаборатория меңгерушісі,
- 1992–96 жылдары институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды.
- 1996 жылдан Шығыс Қазақстан техникалық университетінде профессор қызметін атқарады. Квитка 98 ғылыми-зерттеу жарияланымның авторы.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>