Кашафутдин Шаһмарданұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кашафутдин Шаһмарданұлы<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>, әл-Минзәләви ас-Сөлеки әл-Қарқаралы (1864, Башқортстан, бұрынғы Уфа, Минзәлә уезі, Нәркей болысы, Сөлек ауылы – 1920) – ақын. Ұлты – башқұрт. Шаруа отбасынан шыққан. Ауыл имамынан тәлім алып, 18831892 жылы Қазан медресесінде оқыды. 1892 жылы Уфада медресеге мұғалім болуға рұхсат алып, Семей өлкесі, Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешіті жанындағы медреседе оқытушы болып жұмыс істейді.

Өмір бағыты

Діни-ағартушылық бағыттағы ақын. Шығармаларының негізгі желісі – жастарды өнерге, білімге шақырып, дін жолын танып білуге үндеу болды. Ы.Алтынсарин ізімен “Кел, балалар, оқылық” атты өлең жазды. 1897 жылықазақтың 400-дей мақал-мәтелін “Ахуал” деген атпен бастырып шығарды. “Махулат” (1897), “Манзурат” (1897), “Мінез” (1898), “Оқы намаз кітабын” (1898), тағы басқа еңбектері оқу-білім, тәрбие, дін, ғылым мәселелеріне арналған. Ақын шығармаларын үш түрлі сипатта қарастыруға болады: автордың төл шығармалары, шығыстық үлгідегі қиссалары, халықтық фольклорды жинауы. Соның ішінде ағартушылық бағыттағы еңбектерінің жас ұрпақты ұлттық дәстүрде тәрбиелеудегі орны ерекше. 27 кітабы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорында сақтаулы.

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кашафутдин Шаһмарданұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}