Каш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

КашТүркияның Анталья иліндегі қала <ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%88</ref>.

Жерорта теңізінің жағалауындағы порт, Антальяның оңтүстік-батысынан 180 км қашықтықта орналасқан. Б.з.д. IV ғасырда қазіргі қала орнында Антифеллос порты орналасқан еді. Феллос атты антикалық қаланың бірі бөлігі болған. Антифеллос грек тілінен аударғанда «Феллосқа қарама-қарсы» деген мағынаны берген. Ежелгі заманда Ликия қаласының маңызды сауда орталықтарының бірі болатын. Осы жерден Ликияның балқарағай ормандарынан ағаштар жөнелтілетін. Бұл жерде 1852-1923 жылға дейін гректер мекендеген Андифли атты портты қалашық болған. 1923 жылы қаланың грек тұрғындары түріктер келгеннен кейін қаладан кетуге мәжбүр болып, қала қазіргі Каш атауын алады.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}