Кастрен Матиас Александр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:M A Castrén2.jpg
Кастрен Матиас Александр
Кастрен Матиас Александр<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (2.12.1813, Финляндия, Тервола – 7.5.1852, Хельсинки) – финн тіл маманы, этнограф, ғылыми докторы (1839), Хельсинки университетінің профессоры (1851 – 52).
  • Түркі тілдерін, жалпы финн-угор және алтай тілдерін зерттеуші.
  • Тіл және этнография жөніндегі көптеген экспедицияларға қатысып, онда жергілікті халықтардың тілін зерттеп, сол зерттеулер негізінде финн, коми-зырян, самоди, тұңғыс, бурят, койбал, карагас тілдерінің грамматикаларын жазды.
  • Лопар, эстон тілдері жайында ғылыми-зерттеу еңбектерін жариялады.
  • Карель-финн эпосы “Калеваланы” швед тіліне аударып, сол аударма материалдар негізінде салыстырмалы-этнографиялық зерттеулер жүргізді.
  • “Черемис тілі грамматикасының элементтері” (1845) мен “Остяк тілі жайындағы зерттеулер” (1849) атты еңбектер жазған.
  • Өзі қайтыс болғаннан кейін жарық көрген 12 томдық еңбегінде 20 тілдің грамматикасы мен койбал және карагас, остяк, котт тілдерін, самоед тілдеріне жататын 12 түрлі диалекті мен говорларды өзара салыстыра зерттеу жұмысы қамтылған.

Дереккөздер:

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub