Каспий қаязы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Каспий қаязы (Үлгі:Lang-la) – Арал қаязының түр тармағы, өткінші балық.

Негізінен Каспийдің оңтстік бөлігінде тіршілік етіп, теңізге оңтүстігінен және батысынан құятын өзендерге өрістейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі.

Дене тұрқы 56 – 76 см (103 см-ге дейін), салма5ы 3 – 6 кг-дай (14,5 кг-ға дейін) болады. Пішіні, жалпы морфологиялық белгілері Арал қаязына ұқсас (негізгі айырмашылығы – тіршілік ететін жерінде).

Жыныстық жетілуі 5 жастан басталады. Уылдырық шашу үшін сәуірдің аяғынан тамызға дейін Жайыққа өрлейді.

Көктемде өрлегендері судың температурасы 20 – 23°С-қа жеткенде уылдырығын (115 – 1259 мың) ағысқа шашады.

Өзен шаяндарымен, су жәндіктерімен, дернәсілдерімен қоректенеді. Қорегінде өсімдік дәні мен детрит те кездеседі.

Еті өте дәмді, бірақ бұл балықтың кәсіптік маңызы шамалы.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}