Каскадтық тәуелсіз реттеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Каскадтық тәуелсіз реттеу— есептеулері ең жоғарғы бөгеннен басталып, өз кезегімен әрбір төменгі бөгенде жасалатын реттеу түрі. Мұндай бір ізді есептеулер кезінде төменгі бөгенде жоғарыдағы қондырғылар реттеуінің қосынды әсері есептеледі, содан кейін оған келесі кезекте сол бөгеннің әсері қосылады. Күнтізбелік гидрологиялық қатарлармен реттеу есептеулерін жүргізу үшін интеграл қисықтары немесе әрбір қондырғы тұстамасындағы (есептеу кезеңі үшін) шығындар кестелері болуы қажет. Сонымен бірге интегралдық қисықтар немесе шығындар кестесі әрбір қарастырылып отырған қондырғылар тұстамасында ағындының толық шамаларын, яғни бүкіл жоғарыда жатқан су жинау алабы ауданына қарасты сипаттауы тиіс. Кестелік есептеу әдісін жүргізу, бұған коса, әрбір бөгеннің жеке су жинау алаптарына қатысты шығын шамаларын анықтау кажет. Бұл реттеудің нақты әдістері әлі жоқ.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Каскадтық тәуелсіз реттеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}