Карта ойыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Paul Cézanne, Les joueurs de carte (1892-95).jpg
Каташылар, Поль Сезан, 1892-95

Карта ойыныкарталарды қолданып ойнайтын ойын. Ойынныӊ көптеген нұсқаларында шарттары өзгеріп, тіпті ойнайтын карталарыныӊ саны, түрі алуан болады. Кей ойындарға арналып шығарылған карталар болады. Дәстүрлі ондардыӊ да шарттары әр аймаққа, халыққа, мәдениетке байланысты өзгеріп тұрады.

Әдетте, әр ойын басында карталар ойыншыларға таратылып, сол ойынның ережелері бойынша ортаға қойылады.

Ойынның ең маңызды принципі - карта колодасының ішіндегі карталардың орналасуының кездейсоқтығы. Келесі ойын алдында карталар араластырылады.

Карта ойындарының түрлері

  • Карта ойындарының көбісі қарапайым, оңай және көпшілікке мәлім. Оларды "халықтық" немесе "отбасылық" ойындар деп атайды. Бұл ойындардың ережелері де жалпыға түсінікті және барлық жас шамаларына қолайлы.
  • Коммерциялық карта ойындардың шарттары күрделі болып, олар бұзақ уақытқа: бірнеше сағатқа дейін созылады.
  • Құмар ойындар (ұтуы немесе ұтылуы - кездейсоқ нәрсе) және толайым ойыншының шеберлігіне байланысты.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер