Карталардың шартты белгілері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Карталардың шартты белгілері<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref> — графикалық белгілер; олар арқылы карталарда заттар мен құбылыстардың тұрған орнын, сонымен қатар олардың сапалық және сандық сипаттамаларын көрсетеді. Ауданы карта масштабында көрсетілген нысандар аудандық шартты белгілерімен бейнеленеді, олар контурдың белгісінен және оны толтырудан тұрады. Контур нысанның тұрған орнын және кескінін, толтырма сапалық сипаттамасын жеткізеді. Тұрқы ұзын, бірақ ені шағын нысандар сызықтық белгілермен бейнеленеді, олар осі бойынша нысандардың дол тұрған орнын көрсетеді, бірақ кейде енін ұлғайтады. Мысалы, 1:1 ООО ООО масштабғағы картада темір жолдың шартты белгісі оның енін 75—100 есе ұлғайтады. Шартты белгілердің ерекше категориясын изосызықтар құрады.

Шартты белгілерге қозғалыс сызығы да жатады, олардың көмегімен қандай да болса құбылыстардың жылжуы көрсетіледі (халықтың көші-қоны, жүк ағындары, ауа массаларының қозғалысы және т.б.). Мөлшері карта масштабында көрсетілмейтін нысандар масштабтан тыс шартты белгілермен бейнеленеді, олар нысандардың тұрған орнын және әр түрлі сипаттамаларын бейнелеуге мүмкіндік береді. Нысандардың тұрған орны шартты белгінің кандай болса да айкын нүктесімен, сапалық ерекшеліктері оның пішінімен, ал сандық айырмашылығы мөлшерімен белгіленеді. Әр түрлі мақсаттағы және масштабтағы карталарда бірдей нысандар аудандық және масштабтан тыс белгілермен белгіленуі мүмкін. Мысалы, елді мекендер топографиялық карталарда аудандык, ал ұсақ масштабты географиялық карталарда, әдетте, масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Шартты белгілер жасалатын картаның мақсатына және мазмұнына сәйкес жете зерттеледі және оның оқылуын, мазмұнының ұғынылуын едәуір оңайлатады. Шартты белгілерді талдап-белгілеу картографияның бір міндеті болып табылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Карталардың шартты белгілері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}