Карстық су

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Карстық су<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> – тау жыныстарының жарықшақтарына, қуыс үңгірлеріне қар, жаңбыр, өзен және көл суларының сіңуінен пайда болған жер асты суы. Бұл сулар оңай еритін тау жыныстарынан (әктас, доломит, тұз, гипс) тұратын өңірлерде кездеседі, химиялық құрамы сол тау жыныстарының минералдық құрамына сәйкес келеді. Әктас, доломит жыныстарында Карстық су, көбінесе, тұщы болады да, минералд. 1 г/л-ден аспайды. Егер Карстық сутұзды шөгінділермен байланысты болса, олардың минералд. 50 – 100 г/л-ден 300 – 350 г/л-ге дейін жетеді, кейде одан да асады. Карстық су, көбінесе, таулы аудандарда, қыраттарда кездеседі де, жыра, сай, жылға, аңғарларға бағыттала бұлақ болып ағады. Кей аймақтарда осындай бұлақтар әсерінен Ұзындығы 50 – 250 км, ені жүздеген м қуыстар пайда болады да, олардан ірілі-кіші өзендер бастау алады. Карстық бұлақтардың су мөлшері жыл мерзімдеріне қарай өзгеріп тұрады. Карстық су әр түрлі шаруашылық мұқтаждарына кеңінен пайдаланылады. Кен қазылып алынатын орындарда Карстық су шахталарға құйылып, зиян келтіреді. Карстық су жер бетіне жақын жатқан аудандарда жер қыртысы опырылып, шөгу салдарынан инжылықұрылыстар салуға нұқсан келтіруі мүмкін. Дүние жүзіндегі карст аудандарының жалпы көл. 50 млн. км3-ге жуық. Ол, әсіресе, АҚШ-та, Австралияда, Еуропаның оңтҮстігі мен батысындаҚытайда, Үндістанда, Оралда, Кавказда, Қиыр Шығыста, Шығыc Сібірде, Орта Азия мен Қазақстанда жиі кездеседі. Қазақстанда Карстық су Жезқазған, Қаратау, Талас таулы аймақтарында мол. Жезқазған төңірегіндегі Карстық су қорынан секундына 7 м3-ге дейін су шығады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Карстық су|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}