Карстық-жарықшақтық жер асты сулары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Карстық-жарықшақтық жер асты сулары — таужыныстардағы карстық қуыстар мен жарықшақтарда қалыптаскан жер асты сулары. Олардың басқа жарықшақтық сулардан негізгі айырмашылығы — ірі оқпалық қуыстар мен жарықшақтардың аралас-құралас болып, өзіне тән гидродинамикалық ерекшелігімен, тым ауытқи қоймайтын бір деңгейлі сулы қабат құруында. Қазақстандағы осындай оқпалық жарықшақтарда қалыптасқан сулардың елді мекендерді ауыз сумен камтамасыз етудегі маңызы өте зор. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>
Дереккөздер
<references/>