Каротаж зонды

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Каротаж зонды - ұңғымадағы геофизикалық зертеулерде қолданылатын өлшеу құрылғысы. Табиғи өрістің қабылдағыштарынан немесе жасанды түрде тудырылатын өрістердің қабылдағыштары мен өріс көзінен тұрады. Алғашқыларына магниттік, өздігінен туындайтын электр өрістері, табиғи гамма сәуле тарату, т.б. кіреді. Екіншілеріне акустикалық, электрлік т.б. өрістер жатады. Электрлік каротаждық, бүйірлік каротаждық зондылары ток беру және қабылдау электродтарының жиынтығынан тұрады. Индукциялық каротаждың зондысында әр түрлі қызмет атқаратын катушкалар бар. Радиоактивтік каротаждық зондтар гамма-каротаж, гамма-гамма каротаж, нейтрондық-гамма-каротаж, жылулық және үстеме жылулық нейтрондар бойынша нейтрондық каротаж, активациялық гамма- каротаж, фотонейтрондық каротаж жүргізуге арналған. Бұлар нысанның жылулық және радиактивтік сәуле шығаруын өлшеуге негізделген. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}