Каркас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Каркас<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>, қаңқа (французша carcasse, итальянша carcassa – скелет, қаңқа) – үйлердің, ғимараттардың, кемелердің, ұшақтардың, тағы басқа қандай да болмасын құрамдас бөліктерден тұратын құралымдық бұйымдардың, бөлшектердің көтергіш қаңқасы. Ол бір-бірімен берік байланыстырылған тік, көлбеу, көлденең құралымдық бөліктерден тұрады.
  • Каркас ағаштан, металдан, темір-бетоннан, тағы басқа табиғи және жасанды материалдан жасалады.
    • Металл және ағашкаркастар тек құрастырмалы түрде дайындалады.
    • Темір-бетон каркас атқаратын қызметіне қарай – біртұтас, құрастырмалы және біртұтас құрастырмалы болып келеді. Ғимараттың беріктігін арттыру үшін каркас алдын-ала кернелген темір-бетоннан да жасалады.
  • Каркастың түрі, пішіні, өлшемдері құралымның беріктілігімен, орнықтылығымен және қызмет мерзімімен байланысты.

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Каркас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}