Карбонат түзілу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Карбонат түзілу - мұхит, теңіз және көл түптеріндегі шөгінділер (тұнбалар) құрамында карбонаггардың түзілуі. Бұл процестің ең көп тараған түрлері — биогендік және хемогендік карбонаттардың түзілуі.

Карбонат түзілуінің сындарлы терендігі

Мұхит суы терендіктерінің шартты деңгейі. Бұл деңгейден тереңірек аудандарда түзілген пелагиадаық шөгінділер құрамында карбонатты тау жыныстары болмайды. Бұл құбылыс аталған ортаның физикалық-химиялық ерекшеліктерімен (қысым мөлшері, судың температурасы, СО, мөлшері және т.б.), сол сияқты карбонаттардың түзілу және еру мүмкіндіктерінің өзара қатынас мөлшерінің өзіндік көрсеткішімен түсіндіріледі. Тынық мұхит алабында бұл деңгей 4000-5100 м, Үнді мұхитында 4500—5100 м, ал Атлант мұхитында 3650— 6000 м тереңдіктер аралығында.

Карбонат шөгінділер

Негізінен (немесе 30%-дан артық) карбонат минералдардан (кальцит, арагонит, доломит, кейде т.б.) тұрады; биогендік, хемогендік және сынықты түрлерге бөлінеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub