Карбонаттар түзілуінің сындарлы тереңдігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Карбонаттар түзілуінің сындарлы тереңдігі – мұхит суы терендіктерінің шартты деңгейі.<ref>Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, ISBN 5-615-01738-4</ref>

Бұл деңгейден тереңірек аудандарда түзілген пелагиальдік, шөгінділер құрамында карбонатты жыныстар мүлдем болмайды десе де болады. Бұл құбылыс аталған ортаның физикалық-химиялық ерекшеліктерімен (қысым мелшері, судың температурасы, СОг мөлшері т. е.), сол сияқты карбонаттардың түзілу және еру мүмкіндіктерінің өзара қатынас мөлшерінің өзіндік көрсеткішімен түсіндіріледі.

Тынық мұхит алабында бұл деңгей 4000—5100 м, Үнді мұхитында 4500—5100 м, ал Атлант мұхитында 3650—6000 м тереңдіктер аралығына орналасқан.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}