Карбокониоздар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әртүрлі көміртекті шаңдардың әсерінен дамитын карбокониоздар, басқа пневмокониоздарға қарағанда сиректеу кездеседі. Бұлар: көмір, графит, күйе, кокс, алмаз шаңдары әлсіз фиброгендік қасиеті бар заттар. Осылардың ішінде өндірістерде көбіне көмірді табуда, пайдалануда, антрокоз және графитоз жиі кездеседі. Бұл шаңдарда төмен мөлшерде бос екі қышықылды кремний болады. Бұл көмір шахтасында, көмірбайтқыш комбинаттарда жұмыс істейтін жұмысшыларда, көмір тасушыларда, түсірушілерде, кочегарларда кездеседі. Карбокониоздардың ішінде ең жиі антрокоз кездеседі. Антрокоз- көмір шаңынан пайда болатын өкпедегі пневмокониоз. Жиі шаң-тозаң аралас антрасиликоз немесе силикоантрокоз түрінде кездеседі. Бұл аурумен құрамында кремний бар антроциттік көмір өңдейтін жұмысшылар ауырады. Антрокоз көбінесе көмір шахтасында, соның арасында көмір таситын сараптайтын жұмысшылар арасында байқалады. Көмір шахтасында жұмыс істейтін жұмысшылардың арасында антрокозбен ауыратын мамандардың 2 тобын ажыратады. Маусымдық жұмыспен айналысатын адамдардың арасында көбінесе силикоантрокоз дамиды. Көмір шаңымен негізгі қатынаста болатын, көмір түсіретін жұмысшылар антрокозбен ауырады. Антрокоз кезінде өкпенің склерозы ауыр дәрежеге жетуі мүмкін. Оның даму механизмі силикозға қарағанда басқа.

Патогенезі:

Антрокоз кезінде өкпе фиброзының дамуында механикалық факторларына көп көңіл бөледі. Өкпені көмір шаңы басқанда тіндердің тітіркенуі, сонымен қатар, лимфа ағымының бұзылыстарымен көрінеді. Лимфа тамырларында іркіліс пайда болады, дәнекер тін өсіп, перибронхиалдық пневмосклероздың ошақтары пайда болады. Патологиялық анатомиясы: антрокоздың морфологиясында интерстициалдық және түйінді түрлерін ажыратады. Бифуркациялық және бронхөкпелік түйіндер әдетте кеңейген қара түсті шаңнан қантамырлы, лимфа жолдарының тарылуы мен склероздың дамуы байқалады, осыған байланысты консистенциясы өте тығыз болады.

Клиникалық көрінісі.

Антрокоз баяу дамиды. Сондықтан 15-20 жыл көмірмен жұмыс істеген, яғни жұмыс өтілі ұзақ адамдарда байқалады. Ауыр ағымы сирек кездеседі Шағымдары жөтел, кеуде тұсындағы ауру сезімі, физикалық жүктеме кезінде қатты ентігу пайда болады. Көмір шаңы бронхтардың кілегей қабаттарына тітіркендіргіш әсер береді. Бұл бронхтық бездердің секрециясын өзгертеді, эпителийлері десквамацияланып, бронхиттің ерте клиникалық көріністерімен байқалатын қабыну реакциясы жүреді. Эмфизема дамыған себібінен тынысалуы әлсіреп өкпеде сырылдар естіледі.
Рентгенограммада пневмосклероздың I, II кезеңінде сай белгілер көрінеді. Өкпе тамырларының күшейгені, өкпе түбірі кеңейгені және тығыздалғаны көрінеді.Антрокоздың түйінді түрінде ұсақ дақты көлеңкелер анықталады. Олар көмір шаңының плеврада жиналуы түйінді фиброздың бір көрінісі болып қарастырылады. Ауруларда ауыр жағдайларда пневмония, созылмалы бронхит және тыныс алу жетіспеушілігі дамиды, өкпе эмфиземасы қосылғанда жағдайы нашарлайды.

Алдын алу шаралары

Таулы жерлерде және тазартқыш салаларында, табиғи және жасанды алмаздарды өңдеумен қолдануда 24 айда 1 рет медициналық тексеру жүргізіледі, ал көмірді шахтадан табуда және оны өңдеуде 12 айда бір рет жұмысшыларды медициналық кезеңдік тексеруден өтізіледі. <ref>«КӘСІПТІК АУРУЛАР» Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Сейдалиева Ф.М., Абдукаримова Ж.М., Умиралиева Г.А., Ибрагимова Р.Б., Садыкова Г.С., Қорғанбаева Х.Т., Байдуллаев Б.М., Азизова А.А., оқу құралы, Шымкент 2012</ref>

Дереккөздер

<references />