Карбидтер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Карбидтер<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> – көміртектің металдармен, сондай-ақ, кремний және бормен қосылысы. Карбид ыдырамайтын, ешқандай еріткіштерде ерімейтін қатты зат. Сілтілік және сілтілік жер металдары, сирек жер элементтері мен алюминий карбидіиондық қосылыстар; суда ацетилен немесе метан және көміртек пен сутек бөле ыдырайды. Олардың кейбіреуінің (Cu2C2, Ag2C2) соққанда немесе қыздырғанда қопарылатын қасиеті бар. Берилийдің, бордың және кремнийдің Карбиді – ковалентті қосылыстар; өте қатты, баяу балқитын, ыстыққа төзімді, химиялық инертті болады. Вольфрам, титан, тантал, ниобий карбиді өте қатты, тозуға, ыстыққа төзімді болғандықтан, бұрғыбас, жонғыш және газ турбинасы мен реактивтік қозғалтқыштардың бөлшектерін жасауда қолданылады. Темір карбиді – шойын мен болаттың маңызды құрамдас бөлігі.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub