Капиллярлық қысым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Капиллярлық қысымсудың капиллярлық көтерілу биіктігіне сөйкес келетін қысым. Мұндай қысым жайында заңдылықты теория жүзінде алғаш дәлелдеген белгілі француз ғалымы П. Лаплас (1806 жылы).

Капилляр сулары

Капилляр сулары— жерүстілік керу күшінің әсерінен жыныстар мен тау жыныстардың капиллярлық қуыс-қуыстарында пайда болатын жер асты суы; "байланысқан" су тобына жатады. Капилляр сулары капиллярлық күш арқылы тау жыныстардың жіңішке қуыстары, жарықшалары бойымен ондаған метр биіктікке дейін көтеріледі.

Капиллярлылық

Капиллярлылық — судың немесе басқа да сұйық заттардың (мысалы, мұнайдың) тау жыныстардың жіңішке капиллярлық түтіктерінде, жұқа, тар жарықшақтарында, ұсақ кеуектерінде, қатты және сұйық фазалардың шекарасында пайда болатын беттік керілу күштерінің әсерінен жоғары көтерілуі және ұсталып тұру қасиеті.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Капиллярлық қысым|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}