Каннибализм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Caspar Plautius - Indios als Kannibalen, 1621.jpg
Каспар Плаутиус «Поклонение дьяволу и каннибализм в Южной Америке», 1621 жыл (үзінді)
Сурет:Leonhard Kern Menschenfresserin.jpg
Каннибал әйел, Работа Леонарда Керн жұмысы, 1650жыл
Каннибализм<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (французша cannіbale, испанша canіbal – кісі етін жеуші, жалмауыз),
  • 1) биологияда – жануарлардың өзімен бір түрге жататын организмді жеуі, түр ішіндегі жыртқыштық. Каннибализм сыртқы орта жағдайлары қолайсыз, популяция тығыздығы тым жоғары, қорек немесе су тапшы болғанда байқалады. Каннибализмге аталықтарынан гөрі аналықтары бейім болады. Кейбір түрлерде эвол. даму барысында қалыптасқан түр үшін тиімді де тұрақты құбылыс – облигаттық каннибализм ажыратылады. Мысалы, ұн зауза қоңыздары (Tenebrіo) өз жұмыртқаларын жеу арқылы (оофагия) популяция тығыздығын тежеп отырады; қарақұрт пен дәуіттердің аналықтары шағылысқаннан кейін аталықтарын; Америка саламандрасының аталығы ашыққанда, өзінің уылдырығының біразын; паразиттік тіршілік ететін шаншарлар (Galesus) бір ғана дернәсілін қалдырып, өзгесін жеп қояды. Кейбір жыртқыш балықтар (мысалы, Балқаш алабұғасы) өз майшабақтарын жеу арқылы басқа азық қоры жоқ су қоймаларын да игере алады. Сонымен каннибализм популяция санын қорек мөлшеріне сәйкестендіру арқылы популяцияның сақталуына септігін тигізетін реттеуші механизм қызметін атқарады. Каннибализм құбылысы жануарлардың 1300-ден астам түрінде, әсіресе, кеміргіштер, приматтар, жыртқыштардың арасында жиі кездеседі;
  • 2) антропологияда, этнографияда – адам етін жеу. Каннибализмнің ежелгі дәуірде бірқатар тайпалар мен халықтар арасында орын алғаны туралы деректер бар. Каннибализмнің тұрмыстық және ырымшылдық түрлері ажыратылады. Отқа үйтілген және майын алу үшін шағылған жіліктердің табылуына қарағанда тұрмыстық каннибализм көне тас дәуірінде болған. Көптеген тайпалар мен халықтарда мерт болған дұшпандарының, тұтқындардың, қаза болған туыстарының қайратын, ержүректігін, т.б. қасиеттерін өз бойына сіңіру үшін солардың кейбір дене мүшелерін жеп қою түрінде байқалатын діни ырымшылдық каннибализм кең таралған. Діни ырымшылдық каннибализмнің сарыны осы күнге дейін кейбір діни рәсімдерден орын алған. Мысалы, христиандардың дәм тату рәсімі (причащение) бойынша желінетін нан мен ішілетін қызыл шарап Иса пайғамбардың денесі мен қанын бейнелейді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Каннибализм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}