Кампанелла

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кампанелла Томмазо, 1582 жылы монах ретінде шашын күзегенге дейін Джованни Доменико (1568 – 1639) – италиялық философ, ақын, саяси қайраткер. Бастапқы утопиялық коммунизм ағымы өкілдерінің бірі. Кампанелла адамзаттың бірлігі мен игілігін армандады. 1599 жылы Италияны испан езгісінен азат ету мақсатымен көтеріліс ұйымдастыруға әрекет жасады. Астыртын әрекеті әшкереленіп, Кампанелла ауыр азаптаудан кейін түрмеге қамалып, онда 27 жыл отырды. Сонда отырып ол жеке меншіктен ада, жаппай молшылыққа кепіл болатын, бірақ тұрмысты реттеп отыратын, шын мәнінде абыздар билігі сипат алған мінсіз қоғам туралы өз утопиясы “Күн қаласын” (1602) жазды. Ол 1623 жылы жарияланды. “Күн қаласы” – кейінгі қоғамдық ой-пікірлердің дамуына елеулі ықпал жасады. Кампанелла көптеген канцон, мадригал және сонеттердің авторы.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кампанелла|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}