Камал Сәруәрұлы Ормантаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Камал Сәруәрұлы Ормантаев (11.9.1936 жылы туған, Қармақшы ауданы Октябрь ауылы) – хирург, медицина ғылыми доктор (1971), профессор (1972), ҚазақстанҰлттық ғылым академиясының академиясы(1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1981). Алматы мемлекеттік медицина институтын (ҚазҰМУ) бітірген (1959). 1963 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде ассистент, кафедра меңгерушісі; 1980 – 85 және 1993 – 2001 жылдары Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры болды. Негізгі ғылыми еңбектері балалар хирургиясына арналған. Ормантаев балалардың бассүйегі мен миы зақымданғанда қолданылатын емдеу әдістерін жетілдіріп, оның патогенезін анықтауда кешенді зерттеулер жүргізді; бассүйек пен миға жасалатын операцияның бес жаңа әдісін тәжірибеге енгізді. Химиялық жолмен болатын өңеш күйігін зерттеп және оны емдеудің алты жаңа әдісін анықтады, сондай-ақ іріңді перитонит пен жедел гематогенді остеомиелит болған жағдайда іріңді іш қуысынан түтік арқылы шығарудың бірнеше тәсілін ұсынды. Ол Қазақстанда педиаторлардың, балалар хирургтарының, анестезиолог-реаниматологтарының, ортопед-травматологтарының ғылыми мектебінің негізін қалады. 40-тан астам авторлық куәлігі және 1 патенті бар. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын (1999), жыл дәрігері номинациясы бойынша «Алтын адам» (2000; 2001) сыйлығын алған.«Парасат» орденімен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Камал Сәруәрұлы Ормантаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}