Камал Сейітжанұлы Смайылов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Смайылов Камал.jpg
Камал Сейітжанұлы Смайылов

Камал Сейітжанұлы Смайылов (24 сәуір 1932, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Сарлық ауылы – 25 маусым, 2003, Алматы) – жазушы-публицист, мемлекет қайраткері, кинотанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты (1975), профессор (2000).

Білімі

1954 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолы

  • Еңбек жолын 1954 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің редакциясында бастаған.
  • Білім және еңбек” журналының тұңғыш редакторы (1960 – 1962)
  • Қазақстан комсомолы ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы (1971 – 1973)
  • ҚазКСР мемлекеттік кино комитетінің төрағасы (1973 – 1977)
  • Республика Министрлер кеңесі мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1977 – 1980)
  • Қазақ КСР мемлекеттік телерадио комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1980 – 1986)
  • Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1986 – 1988)
  • “Парасат”, “Қазақстан коммунисі” (“Ақиқат”) журналдарының бас редакторы (1988 – 1993)
  • Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы (1993 – 1996) сияқты жауапты қызметтерді атқарды.
  • Ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, профессор. Кино теориясы мен тарих кафедрасының меңгерушісі болды (1996 – 2003).

Қоғамдық қызметі

К.С.Смайылов 9 – 11-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, 12-шақырылған ҚР-ның халық депутаты болып сайланды.

Кино

Ол Қазақстан киноөнерінің алтын қазынасына айналған “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры” кинофильмдерін түсіруге бірден-бір жебеуші болды.

Смайылов басқарған тұста Қазақфильм киностудиясы “Әкелер жері”, “Ән қанатында”, “Артымызда Москва”, “Тақиялы періште”, “Қараш-қараш оқиғасы”, “Мәншүк туралы ән”, “Шоқ пен шер”, “Көксерек”, “Транссібір экспресі”, т.б. көркем фильмдері түсіріліп, тұңғыш қазақ мультфильмі жарыққа шықты.

К.С.Смайылов қазақ теледидарында көп сериялы “Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында” фильмін өмірге әкелді.

Бағдарламалары

“Алатау” жаңа каналы ашылып, “Айтыс”, “Терме”, “Шабыт”, “Халық таланттары”, “Асыл мұра” топтама хабарлары, көпшілікке арналған “Тамаша” бағдарламасы тұрғындардың сүйіспеншілігіне бөленді.

Халықаралық көлемдегі “Алматы достарды қарсы алады”, “Медеу жұлдыздары”, “Азия дауысы” музыка-сахналық бағдарламалары авторларының бірі болды.

Кітаптары

К.С.Смайыловтың қаламынан 15 публицистік-танымдық кітап дүниеге келді, өзекті мәселелерді көтерген 350-ден астам көркем очерктері мен мақалалары жарық көрді.

К.Смайыловтың еңбектері:

  • «Сенің бақытың» (1960)
  • «Жолданбаған 27 хат» (1992)
  • «Елім саған айтам, ел басы, сен тыңда!» (1998)
  • «Жеті қыр бір сыр» (2000)
  • Үш томдық шығармалар жинағы (2003 - 2004)

Марапаттары

  • С.Сейфуллин атындағы әдебиет сыйлығының (1984)
  • экономикалық ынтымақтастық ұйымының білім саласындағы халықаралық сыйлығының (алтын медаль қоса тапсырылды, 2002)
  • Т.Ахтанов атындағы қазақ пен-клубының (2002)
  • “Алтын Адам – жыл адамы” фестивалі байқауының “Қазақстанның 2003 жылғы патриоты” сыйлығының иегері.
  • Екі рет “Құрмет белгісі” орденімен (1971, 1976)
  • бірнеше медаль, грамоталармен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті