Камал Бердәулетов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Камал Бердәулетов (12.12.1923жылы туған, Жалағаш ауданы, Елтай а., Қалжан ахун мешітінің маңы) – соғыс және еңбек ардагері, шаруашылық ұйымдастырушысы. Қызылорда педагогикалық институтының (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетті) тарих факультетін, Алматы зоовет институтын (ҚазҰАУ) бітірген 1945 жылдан ұжымшар басшысы. 1954–61 жылы Жалағаш ауданы ауыл шаруа инспекциясының бастығы. 1961–63 жылы Жалағаш, Қармақшы ауданы атком төрағасының орынбасары, Қармақшы өндірістік басқарма бастығының мал шаруа жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1963 жылы Жалағаш ауданда қой өсіретін «Аққыр» кеңшарының директоры, 1973 жылдан жаңадан ұйымдасқан облыс қой кеңшарлары басқармасының бастығы, 1976–86 жылы облыстық мал бордақылау және дайындау жөніндегі мамандандырылған бірлестіктің бас директоры болған. 1993 жылдан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы. «Іздегенге резерв көп немесе «Аққыр» ақиқаты» (1976), «Бұқарбай батыр» (1993), «Ата жұрт» (1998) атты кітаптары жарық көрген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том </ref> Қызыл жұлдыз (1943), Еңбек Қызыл Ту (1986), «Құрмет» (2007) ордендерімен марапатталған. Жалағаш ауданының (2007), Қызылор да облысының (2008) құрметті азаматы. <ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5</ref>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub

Дереккөздер