Камалтин Ескендірұлы Мұхамеджанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мұхамеджанов Камалтин Ескендірұлы (20 қыркүйек 1948) — мемлекеттік қайраткер.
Өмірбаяны
Өскемен жол құрылысы институтын (1976), РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын (1995) бітірген, экономика ғылым кандидаты (1996). Теміртау қаласының автомобиль кәсіпорындарында істейді.
- 1985-1990 жылдары Қарметкомбинат автотранспорт цехының бас инженері, бастығы, комбинат бас директорының орынбасары.
- 1990-93 жылдары Теміртау калаткомының төрағасы, қала әкімі.
- 1993-95 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары — мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитет төрағасы, 1995-97 жылдары «Карвол» АҚ бас директорынын орынбасары.
- 1997 жылы Көкшетау қаласының әкімі,
- 1998 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайыңдалады.
- 1999-2006 жылдары Қарағанды облысының әкімі.
Марапаттары
- «Парасат» ордені
- Қарағанды қаласының құрметті азаматы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>