Каллисто (аңыз)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Dosso Dossi 007.jpg
Диана мен Каллисто, 1528ж.Borghese галереясы, Rom

Каллисто (гр. Καλλιστώ) — Грек аңыздары бойынша Құдайлардың Құдайы Зевстің сүйікті қызы, Гераның қызғанышына ұшырап аюға айналып кеткен сормаңдай. Оны Зевс құтқару үшін Үлкен аю шоқжұлдызына, баласы Аркасты Кіші аю шоқжұлдызына айналдырған. <ref>Daniel J. Geagan. "The Athenian Constitution After Sulla" (Hesperia Supplements 12 1967:72, 95).</ref><ref>Klio: Beiträge zur alten Geschichte (Deutsche Akademie der Wissenschaften zu Berlin Institut für Griechisch-Römische Altertumskunde) 1907.</ref><ref>In Klio 7 (1907:213f).</ref><ref>d'Huy Julien, Un ours dans les étoiles: recherche phylogénétique sur un mythe préhistorique. Préhistoire du sud-ouest, 20 (1), 2012: 91-106 [1]; A Cosmic Hunt in the Berber sky : a phylogenetic reconstruction of Palaeolithic mythology. Les Cahiers de l'AARS, 15, 2013: 93-106 [2].</ref>

Аңыздың оқиға желісі

Сурет:UrsaMajorCC.jpg
Үлкен аю шоқжұлдызы

Грек мифологиясында Үлкен аю шоқжұлдызының пайда болуын былай сипаттайды:<ref>The transformation of Zeus, with its lesbian overtones, was rendered as comedy in a lost work by the Attic Amphis (Theoi Project – Kallisto).</ref>

Ежелгі заманда Каллисто атты сұлу да, мінезі жайдары ару болыпты. Аңшылар құдайы Артемиданың (рим аңыздары бойынша Диана) айналасындағы арулар арасында ол ең тартымдысы болған екен. Бірақ ол өзін жоғары санамай, бәріне тең қарап, шын жүрегінен шыққан жақсылығын жұрттан аямайтындықтан жұрттық құрметіне бөленіпті әрі басқа арулармен бірге бақытты өмір кешіпті.

Каллистоның жұрттан өзгеше бір қасиеті бар екен, яғни оның мейірбан сыртқы көрінісінің астарында қайсар мінезі болыпты. Ол басқа Арулар секілді өзен-көл жағасында бос сенделмейді, гүл бағында серуендеп, өлең құрап, ән салып, би билеп жүрмейді. Ол қашанда аңшы киімін киіп, беліне садағын асынып, қолына алтын найзасын ұстап Аңшылардың құдайы Артемиданың соңынан еріп биік тау, жыныс ормандарды аралап, жабайы аң қуалаумен болады. Ол өте батыр болғандықтан арыстан мен жолбарыстың ақырғаны оны сескендіре алмапты, жабайы түлкі оның қолынан қулықпен сытылып кете алмапты. Ол Артемиданың ең сүйікті көмекшсі, әрі ең сенімді серігі болыпты.

Дегенмен өмір өзгерейін десе қас қағым. Жаздың бір шіліңгір ыстығында Каллисто жабайы аң қуамын деп иен орманға кіріп кетеді. Ол қатты шаршайды да, көк шөп арасына құлап, сонда терең ұйқыға кетеді. Құдайлардың Құдайы Зевс (Рим мифологиясы бойынша Юпитер) осының бәрін биіктен көріп отырады. Грек аңызы бойынша ол Аспанның иесі, найзағай құдайы, барша құдайлардың әкесі есептеледі. Ол бәрінен биік, әрі құрметті, баршаны бойсұндырған керемет құдірет иесі болғанымен, бірақ кейде ешкімнің ойына келмейтін қулыққа да барып отырған. Оның ұрлықша аспандағы періштелерді, жердегі аруларды қармаққа іліп, олармен көңілдес болуы соған дейін де көп кездескен жағдай екен.

Сурет:François Boucher 012.jpg
Франсуа Буштің "Каллисто және Юпитер" суреті, онда Зевс Артемиданың пішінінде көрінген

Көк шөп үстінде ұйықтап жатқан Каллистоны көріп Зевс есін жоғалтып, бұл орайды қалт жібермеуге тырысады. Ол бұлт арасынан түсіп, бір сілкініп Артемиданың (Диана) пішініне айналып Каллистоның қасына келіп оны құшағына басады. Каллисто тәтті ұйқыдан шошып оянып қараса өзін Артемида құшақтап отырғанын көреді де қатты қуанады. Ол Артемиданың құшағынан шығып аңын жалғасты қумақшы болғанда Зевс өз пішініне қайтып шын кескінін көрсетеді. Қатты сасқан Каллисто қарсылық көрсетеді. Бірақ қолынан бәрі келетін Зевске төтеп беруге оның шамасы жетпейді. Сөйтіп Құдайлардың Құдайы Зевс аңшы Каллистомен қосылып дегеніне жетеді.

Зевс ордасына қайтып оралып, әлемді басқаруын жалғастыра береді. Оның қылмысын жазалауға, оның күнәсін сұрастыруға кімнің қауқары жетсін. Бірақ бейшара Каллисто көргілік көреді. Ол көз жасын сүртіп, үнсыз түрде тобына қайтады және қанша азаптанса да сырын білдірмеуге тырысып, өтірік күлімсіреуге тырысады. Бірақ, енді бұрынғы Каллисто жоқ еді, ол қашанда басын төмен салып, ұяла жерге қараумен болады, бетіндегі күлкі табы да өшеді. Ол ендігі жерде жұрттан оқшауланып, үнсіз түрде ойға батып отыра беретін болады. Аң аулауға бұрынғыдай әуестенбейді, аңға шықса да бұрынғы қайраты мен мінезін көрсете алмайды, есі шығып, әрқашан аңды қашырып жіберумен болады.

Сурет:Tizian 015.jpg
Каллисто мен Артемида, Каллистоның жүкті болып қалғанын жұрт білгенде (Шотландияның ұлттық галереясы)

Ең өкініштісі, ол өзінің жүкті болып қалғанын біледі. Қанша жасырса да бұл сырды жұрт ақыры біліп алады. Бұл істің шын сырынан еш хабары жоқ Артемида оған қатты ашуланады, өзінің қызындай болып кеткен Каллистоны аңшылық тобынан қуып жібереді.

Еш сүйенішсіз қалған Каллисто ару еріксіз орманның арғы түкпіріне барып, сонда шөп күрке тұрғызып, өзге арулардан аулақта жапа-жалғыз өмір сүреді. Кейін ол бір ұл туады, оған Аркас деп ат қояды және соны медет етіп өмірін жалғастыра береді.

Зевс "бұл істі баршадан құпия тындырдым, ешкім білмейді" деп ойлайды. Бірақ, оның әйелі Гера Зевстің көңілдесі туралы әңгімені естіп біліп алады. Ол өте такапар, Зевстің өзіне бағына бермейтін долы, шайпау әйел еді. Зевс оның көзіне шөп салыпты, Аркас та туылып үлгіріпті және шешесімен бірге әне ойнап жүріпті, — мұның бәрі оны қатты ызаландырып, Каллистоны аяусыз жазалап, өзінің ханша екені танытып, өш алмақшы болады.

Сурет:Júpiter y Tetis, por Dominique Ingres.jpg
«Юпитер мен Фетида» («Jupiter et Thétis»), Жан Энгр сызған, 1811ж., май бояулы, 330×257 см.

Сөйтіп Гера құпия түрде ормандағы Каллистоның қасына келіп, оны аяусыз қарғап-сілейді, ауыр сөздермен боқтайды. Каллисто оған жалынса да тыңдамай, оның киімін дал-дұл етіп жыртып, жерге жығып алады да "Мен сенің көркіңді құртамын! Екінші ешкімді аздыра алмайтын боласың!" дейді. Осылайша Гера ханым іштей дұғасын оқиды. Каллистоның әппақ денесіне қап-қара жүндер өсіп шығады; әдемі саусақтарына өткір тырнақтар өсіп шығады; қып-қызыл еріндері жойылып, өткір тісті жуан ауызға айналады. Гера Каллистоның бұл істерді Зевске айтып қоюынан қорқады да, оның сөйлеу қабілетін де жоқ қылады. Сөтіп Каллистоның әдемі дауысы күңіреністі гүрілге өзгереді. Сонымен бір дем ішінде Періште секілді әдемі ару Каллисто жоғалып, орнында үлкен бір аю пайда болады.

Бейшара Каллисто ормандағы аң аулау нысанына айналады. Аңшылар күні бойы таулы орманда оны тырқырата қуумен болады. Ақшылардан қашып-пысқан ол әбден титықтайды. Бұрынғы бейбіт те көңілді күндер ақырласып, қайғыдан қан жұтқан ол көз жасын төгіп тоқтамай жылай береді, өзін нашар тағдырға кіріптар еткен Зевсті қарғайды.

Осылайша 15 жыл да сырғып өте шығады. Бұл кезде кішкентай Аркас есейіп атпалдай жігіт болады. Ол шешесі Каллисто секілді батыл, қайсар, тамаша аңшы болады. Бір күні Гера Аркасты көріп қалып, жауының баласының осынша сом денелі батыр болып өскеніне қатты қапаланып, тағы да өштік сайлай бастайды.

Сурет:Blitzbuendel 02.jpg
Зевс найзағайы, мыс, IIғ.

Бір күні Аркас қолына ұзын найзасын алып, орманда аң қарап жүргенде кенет бір үлкен аю оған қарай жүріп келеді. Бұл аю оның шешесі Каллисто еді. Ол бұл аңшы өзінің 15 жыл бұрынғы кішкентай Арасы екенін біліп, оған жүгіріп келіп құшақтамақшы болады.

Бірақ Аркас көз алдындағы аюдың өз шешесі екенін қайдан білсін! Ол аюдың өзіне тап бергенін көріп, ұзын найзасымен Аюды аяусыз піскілейді. Дәл осы трагедиялы сәтті Аспаннан Зевс көріп қалады. Ол Баласының шешесін өлтіруіне шыдай алмай, құдірет дұғасын пайдаланып, Аркасты да кішкентай Аюға айналдырып жіберді. Сонда барып кішкентай Аркас өз шешесін танып, жүгіріп барып шешесінің құшағына құлайды, сөйтіп шешелі-балалы екеуі қатты қуанады.

Зевс бұл екеуінің енді қайтып жамандыққа ұшырауына жол бергісі келмей, оларды аспанға көтеріп жібереді. Оларға аспандағы жұлдыздар арасынан салтанатты орын береді. Сөйтіп солтүстік аспанындағы екі шоқжұлдыз Үлкен аю шоқжұлдызы және Кіші аю шоқжұлдызы (онда әйгілі жұлдызы Темірқазық бар,) қалыптасады.

Гера қанша ашуланса да Зевске беттей алмайды, бірақ ол Артемидаға осы екі аңның соңынан қуып, оларды атып өлтіруге бұйырады. Сөйтіп екі аюды қуалаған Артемидадан аспандағы Аңшы шоқжұлдызы (Boötes) пайда болады. Ал ол жетелеген екі ит Тазылар шоқжұлдызына (lat. Canes Venatici) айналады.

Гректер Үлкен аю шоқжұлдызы аспанда айналып, ешқашанда Көкжиекке батпауына қарап, мұның бәрі Гераның сұмдығы деп есептеген. Асылы, Гера Аңшы мен Тазыларға шешелі-балалы аюлардың артынан мәңгі қуалауды тапсырып қана қоймай, ағасы — Теңіз құдайы Посейдоннан көмек сұрапты. Посейдон қарындасы Гераның жалған сөздеріне сеніп, оның талабына келісіпті. Сөйтіп, барлық жұлдыздар шығыстан шығып батысқа батса, бір уақ көкжиектің артына жасырынса, Теңіз құдайы Посейдонның мекеніне барып "тынықса", тек шешелі-балалы аюларды ғана Посейдон теңізге, көкжиектің астына жолатпапты. Бірақ бұл Каллистоның Аркастың қасынан бір елі ажырамай, Гераның басқа қулық ойлауынан сақтап тұруға пайдасы да тиіпті.

Каллисто серігі

Ағылшын тіліндегі Callisto Юпитердің төрт табиғи серігінің бірінің аты болып, ол юпитерден қашықтығы алтыншы орында тұраты серік есептеледі. Ең алғаш Галилео Галилей байқаған Галилей серіктерінің бірі болып, ірі серік ретінде Меркурийдің үлкендігіндей көлемге ие. Ең күңгірт әрі мұзды серік. Күн жүйесінде кратерлері ең көп дене. Ғаламшар бетінде өте терең шұңқыр бар, ол планетаның төрт миллиард жыл бұрын астероидпен соғысқандыған айтады.

Сыртқы жалғау

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер