Калифорния түбегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Baja peninsula (mexico) 250m.jpg
Ғарыштан қарағандағы Калифорния түбегі.

Калифорния түбегі, Төменгі КалифорнияСолтүстік Америка құрлығының батысында, Мексика мемлекетінің (Төменгі Калифорния штаты) құрамындағы түбек. Тынық мұхиттың суымен (батысында) және оның Калифорния шығанағы (шығысында) суларымен шайылып жатыр. Ұзындығы 1200 км, енді жері 200 км, аумағы 144 мың км². Түбектің шығысы оқшауланған жанартаулық және кристалды таулы алқаптан тұрады. Осы тұстағы ең биік жері 3078 м (Ла-Энкантада тауы). Батысында кертпештеліп келген таулы үстірт (биіктігі 1000 – 1500 м) және ойпаттар жатыр. Солтүстігіндегі климаты субтропиктік, оңтүстігінде тропиктік. Жер бедерінде шөлді және шөлейтті өсімдіктер (әр түрлі бұталар, кактустер, агавалар, юкки, т.б.) басым өскен, таулы өңірінде шоқ тоғайлар кездеседі. Түбекте Сьерра-де-Сан-Педро-Мартир ұлттық саябағы орналасқан. Суармалы егіншілік жақсы дамыған. Одан басқа жайылымдық мал шаруашылығы, балық шаруашылығы қалыптасқан.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Калифорния түбегі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}