Калиталдардың "қашуы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Калиталдардың "қашуы" - жартылай перифериялы немесе перифериялы елдердің қаржылық тасқынының капиталистік орталық елдеріне ағылуы. XX ғасыр 80-ші жылдарында әлсіз елдерден дамыған мемлекеттерге қаржылық ресурстардың тарихта ең ірі көші болды. "Капиталдардың қашуының" негізгі себептері мынада: біріншіден, бір елдердің екіншісіне жаппай қарыз болуы, тіпті, қайтарылатын қарыз көлемі алынған несие құнынан әлдеқайда, бірнеше есе артық болуы. Екіншіден, жартылай перифериялы немесе перифериялы елдерде капиталды өсіріп, көбейтуге жағдай жоқ, сондықтан да дамыған елдерге қашуға бейім. Бұның бәрі елден негізгі капиталдардың қашуын жүзеге асыратын офшорлық орталықтардың қызмет етуінен болады. Жартылай перифериялы немесе перифериялы елдерде капиталдардың көбеймеуіне саяси тұрақсыздық, жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлық, еңбек өнімділігінің төмендігі кедергі келтіреді. Сарапшылардың бағалауынша, тек Болгарияның өзінен 1990-шы жылы жылына 1 миллиард доллар шамасында қаржы сыртқа кетеді екен, қазір болгар азаматтарына тиесілі 7 миллиард доллар қаржы сыртта жүр (бұл осы кезеңдегі шетелдік көмек пен несиелерден әлдеқайда көп). Тіпті, кедей елдердің банк депозиттері дамыған елдердің банктерінде жатыр. 1990-шы жылы соңында әлемдегі капиталдардың 70%-дайы инвестиция (акциялар, облигациялар, активтер) түрінде АҚШ-қа құйылған. Капиталдардың АҚШ-қа қашуы Батыс Еуропа елдерінен де болып отыр. Шығыс Еуропа мен бұрынғы КСРО-дағы мемлекеттік социализм жүйесі қирағаннан кейін жүздеген миллиард доллар Батыс Еуропаның және АҚШ-тың банктеріне салым немесе құнды қағаз түрінде салынуда.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Калиталдардың "қашуы"|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}