Кадьяк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Арал Кадьяк, Кодьяк (Kadiak, Kodiak, эскимосша – Кыхтак) — Алясканың оңтүстік жағасындағы арал (АҚШ). Материктен Шелихов бұғазымен бөлінген. Жері 9,3 мың км²<ref>«Кадьяк (Алясканың оңтүстік жағасындағы арал)» - ҚСЭ</ref>. Рельефі таулы (биіктігі 1653 м-ге дейін) келеді. Арал бетінің едәуір бөлігін Аляска түбегіндегі Катмай жанартауының атқылауынан (1912) пайда болған күл (қалыңдығы 6 м-ге дейін жетеді) жауып жатыр. Климаты қоңыржай, ылғалды, жылдық жауын-шашыны 1600 мм. Негізінен биік шалғын өседі. Кадьякты 1763 жылы орыс саяхатшысы Степа Глотов ашқан. Ең ірі елді мекені - Кадьяк.

<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы: Алматы, 1974. 5 том. 176 бет</ref>

Дереккөздер

<references/>