Иқрар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иқрар (Үлгі:Lang-arмойындау) – шариғат заңы бойынша біреудің істеген теріс қылығын мойнына алып, қойылған шартты орындауға міндеттенуі, Иқа’ат кітабында мазмұндалған сот істеріне қатысты міндеттемелердің бірі.

Иқрар күмәнді, күңгірт болмай, анық, айқын болуға тиіс, яки міндеттемедегі шарттар толық әрі айқын көрсетілуі керек. Осындай иқрар ғана сот алдында заңды болады. Мойындауда оның айтуынша, оның пікірінше, деп сөйлеуге болмайды. Иқрарда міндеттеме шарттарының орындауға болатын-болмайтынына назар аударылуға тиіс, егер сот міндеттеме алдау-арбау жолымен жасалған деп тапса, иқрарды жоя алады. Мойындаушының кәмелетке толған, ақыл-есі бүтін, өзін-өзі толық ұстай алатын адам болуы қажет.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub