Иінді таразы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иінді таразылардың жұмыс істеу приципі айналатын дененің тепе-теңдік шартына негізделеді. Зертханалық теңиінді таразының бір табақшасына массасы өлшенетін денені, ал екінші табақшасына гір тастарын салып теңістірейік. Дене мен гір тасының ауырлық күштерін тиісінше <math>P_1 = m_1 g</math> және <math>P_2 = m_2 g</math> деп белгілейік. Таразы тепе-теңдікте тұрғандықтан, бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни, <math>M_1 = M_2</math> немесе <math>P_1 d_1 = P_2 d_2</math>. Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама: <math>d_1 = d_2</math>. Ендеше <math>m_1 g = m_2 g</math> немесе <math>m_1 = m_2 </math>. Бұдан кері бұндай қорытындыға келеміз: егер гір тастардың массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

Дереккөздер

"Физика және астрономия" Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық Р.Башарұлы; У.Тоқбергенова; Д.Қазақбаева. Алматы "Атамұра" 2012ж.