Ихуан әс-Сафа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ихуан ас-Сафа, («Ихуан ас-сафа уа-хуллан әл-уафа - «бауырлар мен адал достар») - исмаилшыларға жақын тұрған жасырын ғылым-филология қоғам. Таяу Шығыста X ғасырда кұрылған. Солардың атынан 51 трактат жазылып, «Расаил ихуан ас-сафа уа-хуллан әл-уафа» деп аталатын энциклопедияны құрайды. Ол «ар-Рисал әл-жамиға» еңбегінің ортақ жиынтығы. Энциклопедия авторлары мен оның жазылған уақыты белгісіз. Әбу Хайян әт-Таухидің айтуымен энциклопедиядағы ішкі мазмұнға қарағанда (ондағы әл-Мұтанабидікі деген бәйіттер мен ашариттер атына айтылған сындарға қарап, оның жазылу уақытты X ғасырдың ортасына келетіні, бірақ ол кейін қосылғаны анықталып отыр) Ихуан ас-Сафа энциклопедиясы әртүрлі діндердің сұрыпталып, тақлид кезеңінен өтер кездегі жоғары, эзотерикалық ілімге ұмтылушыларға арналған. Ихуан ас-Сафаның трактаттары бүгінгі ғылымның барлығын қамтиды және оның авторларында аристотельдік, неоплатондық ілімдердің, халдейлік астрология мен герменитикалық көзқарастардың орын алғанын көрсетеді. Өздерінің қоғамдастығын энциклопедияшылар болашақ «Әділетті мемлекет» үлгісі ретінде қарастырады. Ол Аббас әулеті халифатындағы «Әділетсіз мемлекет» үлгісі ретінде қарастырады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub