Итерация

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Итерация (лат. іteratіo – қайталау) – қандай да бір математикалық амалды қайталап қолдану. Мысалы, егер y=f(x)2f1(x) х-қа тәуелді қандай да бір функция болса, онда f2(x)=f[f1(x)], f3(x)=f[f2(x)], ..., fn(x)=f[fn-1(x)] функциялар тізбегі f(x) функциясының сәйкес түрде екінші, үшінші, ..., n-итерациясы деп аталады. Сондай-ақ f(x)=x2 деп ұйғара отырып, f2(x)=(x2)2=, f3(x)= ==, ..., fn(x)== = тізбегін алуға болады. n индексі итерация көрсеткіші, ал f(x) функциясынан f2(x), f3(x), ... функцияларына көшу итераттау деп аталады. Итерация әдісі әр түрлі теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешуде қолданылады. Ол интегралдық теңдеулер теориясында да маңызды рөл атқарады.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub