Италия өнері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

XVI ғасырда қалыптасқан өнердегі жаңа бағыт "барокконың" өркендеу орталығы Рим қаласы еді. Мұндағы XVII ғасырдан қалған сәулет өнерінің белгілері барокко дәуіріне дәлме-дәл.

Осы белгілерге мысал ретінде қасиетті Петр соборы, Римдегі Иль Джезу шіркеуі, Ватикандағы патшалық баспалдақ және Римдегі фонтанды айтуға болады.

Сурет:Spire sant Ivo alla Sapienza 2006.jpg
Римдегі Сан Карло Алле Куатро Фонтане шіркеуі барокко

Рим бароккосының көрнекті өкілі — сәулетші, мүсінші Франческо Барромини (1599—1667). Оның Римдегі Сан Карло Алле Куатро Фонтане шіркеуі барокко стиліне сай және өзінің ерекшелігімен көзге түседі. Бұл ғимарат элементтері ірі және жылжымалы тәрізді. Ондағы періште бейнелері қабырғадағы сопақша гербті ұстап тұр. Барокко сәулетшілерінің ең ұнамды элементтерінің бірі — сопақша еді. Сан Карло шіркеуінің бұрышы кесілген және алдында фонтаны бар төрт мүсін орналасқан. Сондықтанда ғимарат атауы — Алле куатро Фонтане. Ф.Барроминидің екінші құрылысы — Сант Иво алла Сапиенда шіркеуі.

Барокко тамаша көріністерге бай болды. Римдегі барокко көрермендердің негізгі ансамблі ретінде қалыптасты. Ол готика дәуіріндегідей сәулет өнерін, мүсін мен кескіндемені біріктірді. Барокко шеберлері өнерді табиғатпен байланыстырумен қатар театр құрды. Үлкен сарайларды — саябақтармен, демалыс орындарымен және су бұрқактармен әшекейледі.

Барокконың көрнекті мүсіншісі — Лоренцо Бернини.Ол ұзақ өмір сүрді, сарайда патша қарамағында қызмет істеді, көптеген тапсырыстарды асқан шеберлікпен орындады. Лоренцо Бернини — қасиетті Петр Соборын әрі қарай жалғастырып, әшекейледі.

Жалғыз ғана үлкен мүсіндер тобы Санта-Мария делла Виктория атты шағын шіркеуде орналасқан. Бұл мүсін Бернини шығармашылығын тереңінен ашады, ол мәрмәрден спектакль ретінде жасалды. Оның “Давид”, “Аполлон мен Дафна” атты шығармалары белгілі. XVII ғасырдағы Италия кескіндемесінде көрнекті суретшілер орын алды. Солардың бірі — Римде, Испанияда жұмыс істеген Микеланджело да Караваджо (1573—1610). Оның шығармалары: "Савлдың өзгеруі" (1600—1601). Мұндағы Савл — римдік әскери басшы, қасиетті христиан Павелге айналды. Метафоризммен катар мифологиялық, библиялық (діни) көріністің көмегімен бейнеленген. Сызықтық композиция мен тұрмыстық жанр қолданылған. "Мария Құдай-апа әлімі" (1605—1606) — мұнда негізгі көрініс Мария өлімі."Табытқа салу" (1602—1604) — батырлық көрініс көтеріңкі бейнеленген. "Қасиетті Матвей" шығармасында алғаш рет қасиетті адамды қарапайым етіп бейнелейді.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Италия өнері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}