Италиктер
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Италиктер (лат. Қtalіcі) – ежелгі Италияның үндіеуропалық тайпалар тобы; олар итали тілдерінде сөйлеген. Италиктер фалис-латин және умброоск-скосабелль деген екі тармаққа бөлінеді. Италиктер әлеуметтік экономика және мәдени дамудың түрлі сатыларында болды: б.з.б. 6 ғасырда, негізінен, ертедегі таптық мемлекеттер сатысында болған латиндер жеделірек дамыды. 19 ғасырда ғылымда Италиктер Апеннин түбегіне б.з.б. 2-мыңжылдықта Альп таулары сыртынан келген деген пікір туындады. Кейбір ғалымдар Италиктер б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяғы мен 1-мыңжылдықтың басында (умброоск-косабелльдердің түпкі аталары) Орталық Еуропадан екі толқын болып келді деп есептейді. Ал қазіргі Италия тарихнамасында үнді-еуропа тайпалардың б.з.б. 2-мыңжылдықтың басынан бастап Балқан түбегінен Адриатика арқылы қоныс аударып, Апеннин түбегі батысынан шығысқа, Солтүстік пен оңтүстікке қарай тарағаны туралы пікір басым. Сондай-ақ, Апеннин түбегін мекендеген және б.з.б. 5 – 3 ғасырларда Рим империясы бағындырған барлық тайпалар да Италиктер деп аталады.
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Италиктер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}