Исмайлов Рабик Хизимұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Исмайлов Рабик Хизимұлы - 1934 жылы 2қыркүйекте Алматы облысындағы Шелек ауылында дүниеге келді <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетін бітіріп, Қазақстан ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтына кіші ғылыми қызметкер болып орналасады және аспирантураға оқуға түседі. Үш жылдан соң, 1963 жылы аспирантураны бітіріп, "Мектеп" баспасына қызметке ауысып, корректорлықтан ұйғыр редакциясының бас редакторлығына дейін көтеріледі.

1966 жылы "Ұйғыр әдебиетін үйренудің кейбір мәселелері", 1976 жылы "Іздену жолында", 1987 жылы "Заман және қаһарман" атты кітаптары, одан кейін " Үйғыр драматургиясы Анарханнан ...ға дейін" атты монографиялары шықты. Үйғыр әдебиетінің өзекті мәселелері бойынша 200-ден астам мақалалары басылды.

9—11-сыныптар үшін "Үйғыр әдебиеті" оқулығының авторы, тарих, география, педагогика, философия салаларында оқулықтарды ұйғыршаға аударған.

Жазушылар одағының мүшесі, "Илһам" сыйлығының лауреаты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}