Ислам мәдениеті музейі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Ғимарат Ислам мәдениеті музейіСолтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Солтүстік Қазақстан облысы, Партизанская көшесі 4В.

Тарихи деректер, қоры

Ислам мәдениеті музейі- өңірдегі исламдық мәдени және тарихи мұраны зерттеуге, сақтауға және насихаттауға арналған. Музей филиалы болып табылады. Музей орналасқан ғимарат өңірдегі мұсылман мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты тарихи нысан болып табылады.
Музей XIX ғасырдағы бұрынғы мешіт ғимаратында орналасқан. Бұл нысан Солтүстік Қазақстандағы ислам сәулетінің маңызды ескерткіштерінің бірі болып саналады. Мешіттің құрылысы 1857 жылы басталып, 1870 жылы аяқталған. Құрылысты қаланың мұсылман қауымдастығына жататын жергілікті көпестер қаржыландырған, бұл Петропавлдың өңірлік орталық ретінде қалыптасуында сауда мен діни өмірдің маңызды рөл атқарғанын көрсетеді.
XXI ғасырдың басына қарай нысан апатты жағдайда болғанымен, тарихи-мәдени құндылығын сақтап қалды. 2023 жылы қайта жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғимаратта Ислам мәдениеті музейі ашылып, нысанға қайтадан мәдени-ағартушылық қызметі қайтарылды. Музей экспозициясы ислам мәдениетінің VII ғасырдан бергі дамуын қамтиды және екі залға орналастырылған.
Өңірдің туристік нысандарының бірі.<ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Солтүстік Қазақстан облысында ислам мәдениет музейі ашылды/ ;СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы; [ресми интернет-ресурсы]... – Петропавл : [2023. ж.], https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/press/news/details/539504?lang=kk