Ислам Шұғайыпұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ислам Шұғайыпұлы (10 қараша 1932 жыл, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Қоян ауылы - 2001 жылы қайтыс болды) — ақын. Ол 1967 жылы ҚазҰУ-ды бітіреді. 1954-56 жылдары Батыс Қазақстан облысының ауданаралық Жаңақала театрында артист болған. Қамыс театрында директордың бірінші орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы, комсосол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. Алматы облыстық статистикалық мекемесінің аға экономисі, Жамбыл атындағы мемлекеттік филормониясында, Қазақтың жастар театрында әртіс, Қазақ радиосының "Кірпі" сықақ журналының бас редакторы болған.

Еңбектері

"Самал", "Тұлпар", "Жаңылтпаштар", "Найза", "Қисық айна", "Жас өрен", "Естімеген елде көп" т.б оннан астам кітаптың авторы. "Ұлы октябрь дауылы" поэмасы, "Әсем қала Алматым", "Құрманғазы - Күн Бабам","Сартай бала-Сырымдай", "Болсыншы ашық аспан", "Қаһарман жауынгер", т.б шығармалары республикалық өнер байқауларының бірнеше дүркін жүлдегері болған.<ref>Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық - Аруна баспасы - Алматы - 2005ж.</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер