Исламбек Ержанұлы Қуат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Футболшы Исламбек Ержанұлы Қуат (12 қаңтар 1993, Ақмола, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, алматылық «Қайраттың» және Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.

Мансабы

Ол Астаналық Жеңістің тумасы, өзінің кәсіпқой мансабын Исламбек 2011 жылы көкшетаулық «Оқжетпестің» сапында бастады. Қуат «көкшеліктерге» Бірінші лиганың жарыс кестесінде екінші орын алып Қазақстанның Премьер-лигасына шығуына жәрдемдесті. Маусым соңында Исламбек Қуат Қазақстанның үздік жас ойыншысы атағын алды. Келесі жылы талантты жартылай қорғаушыға «Ақтөбе» назар аударып, Қуат чемпиондардың қатарына ауысты. 2013 жылы Исламбек «Астанаға» ауысты. 2014 жылдың маусымынан Қайраттың ойыншысы.

Құрама сапында

2015 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан құрамасының сапында Чехияға қарсы ойында дебютін жасады. Бұл ойын 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің шеңберінде өткен еді. 2015 жылы 10 қарашада Нидерланды құрамасының қақпасына алғашқы добын соқты.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер