Иса Қонай Ахунбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым

Сурет:Kyr Stamp-Ahunbaev IK.jpg
Почтовая марка Киргизии, 2008 год

Иса Қонай ұлы Ахунбаев (25.09.1908, Торыайғыр, Ыстықкөл ауданы - 05.01.1975, Шу облысы) - кеңес одағының атақты хирургі. Ұлты - қырғыз. Қырғыз ССР ғылым академиясының толық мүшесі (1954) және тұнғыш президенті (1954-60), КСРО Мғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

1935 ж. Орта Азия медициналық институтын бітірген. 1935-37 жылдары Қырғыз ССР-і Денсаулық сақтау халкомының орынбасары, Қырғыз медициналық институтының директоры, жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі (1946-48 ж.).

Ахунбаевтың медициналық саласынан 120 ғылыми еңбегі жарияланды, оның негізгілері балалардың бұғақ, соқыр ішек және эхинококкоз ауруын зерттеуге арналған. Ахунбаев - 1949 жылдан Қырғыз КП ОК мүшесі, КСРО Жоғары Советінің депутаты (2,4-шақырылуы). Хирургтердің халықаралық ассоциациясының мүшесі (1948). Ленин орденімент.б. 4 орденмен және медалдармен марапатталған<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том</ref>.

Дереккөздер

<references/>