Иса Тергеусізұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Иса Тергеусізұлы (1882, Верный уезі, Кіші Алматы болысы, 8-ауылы - 1940, ҚХР, Үрімші қаласы) — Алаш қозғалысының қайраткері, ағартушы.

1892-98 ж. Верный ерлер гимназиясында 3 класс оқыған. Верный уездік басқармасында тілмаш болған. 1916 ж. 14 шілдеде Верный қаласында Үлкен Алматы болысы қазақтарының мәжілісіне Ы.Жайнақов қатысып, көтеріліске шыққан хальгқтың босқа қырынмауын түсіндірген. 1917 ж. М.Тынышпаев, Ы.Жайнақов сияқты қайраткерлермен бірге Алаш партиясының Жетісудағы ұйымына мүше болып, ұлт мүлдесі үшін күресті. 30-жылдары Алаш қайраткерлері жаппай қуғынсүргінге ұшырап, жазықсыз қамауға алынып жатқан кезде Жайнақов екеуі бас сауғалап құлжа қаласына барған. Мұнда ағартушынық, адвокатгық жұмыс - тармен шұғылданды. 1933 ж. сәуір айында Шыңжанда болған төңкерістен кейін Іле аймағында құрылған қазақ-қырғыз ағарту ұйымының төрағалығына Мақсұт Сасанов, орынбасарлығына Жабықбай ақалақшы, хатшылығына Жайнақов сайланып, шаруашынық ісін Иса басқарды. Осы ұйымның жинаған қаржысына Іле аймағында мектептер салынып, мұғалімдер даярлайтын курстар ашылды. Оқу-ағарту ісі, мәдени шаралар қолға алынын, бірқатар игі істер атқарылды. Осы кезде Шыңжаң зиялылары жалған жаламен ұстальт, қуғындала бастады. Бұл зобалаңға Сасанов, Жайнақов және Иса да ұшырап, 1936 ж. қамауға алынды. Таңжарық ақынның дерегі бойынша, 1940 ж. Сасанов пен Иса Үрімшіде дарға асылған. <ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub