Исатай Нұрышұлы Исабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Исатай Нұрышұлы Исабаев (1936 жылы 18 ақпанда Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы) - Суретші. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Өмірбаяны

Мәскеу полиграфия институтының баспа өнімдерін көркем безендіру факультетін бітірген (1965), суретші-график. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 100-ден астам кітаптарға сурет салған, 1 000-нан астам танымал станок графикалық мен сурет жұмыстарының («Қазақ өмірінің тіршілігі», «Қонақ», «Көкпар», «Шеберлер», «Жекпе-жек», «Қырғын», «Абай», «Мұхтар Әуезов» және басқалардың) авторы. Көркем өнерлік әдісі - сурет, графика. Жұмыстары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Ресей Орталық көрме залында (Мәскеу), Сан-Франциско көрме кешенінде (АҚШ) көрсетілген, ҚР Президентінің резиденциясы безендірілген. Жұмыстары Қазақстанның, Ресейдің, Польшаның, Австрияның, АҚШ, Венгрияның, Италияның жеке коллекцияларында сақталуда. 30 отандық және 10-нан астам халықаралық көрмелерге қатысқан.

1965 жылдан бері - суретші. КСРО, ҚР Суретшілер одағының (1966 жылдан) мүшесі. «Бехзад» дипломының (Ашхабад қ., 1991) иегері. «Тарлан» сыйлығының иегері (2005). ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988).

Отбасы

Әкесі - Исабаев Нұрбаба, марқұм. Анасы - Омышева Сақыпжамал, марқұм.

Үйленген. Жұбайы - Исабаева Бақытжамал Саймұқанқызы (1938 жылы туған), зейнеткер. Қыздары - Әлия (1961 жылы туған), Ғалия (1964 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub