Исаак Гитлевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Исаак Гитлевич (1.12.1917 жылы, РКФСР, Смоленск қаласы) — кинооператор, режиссер.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

1940 жылы ВГИК-тің операторлық факультетін (А. Головняның шеберханасы бойынша) бітірген.

Еңбек жолы

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Армияның фотошежіре бөлімінде қызмет істеп жүріп, ол 1944 жылы К. Тканко мен К. Венц басқарған кинооператорлар тобына қосылады. Соғыстан кейін Алматы көркем және хроникалық документті фильмдер студиясында, 1952-56 жылдары Сталинабад қаласындағы тәжік киностудиясында істейді.

1956 жылы Алматы киностудиясында (қазіргі "Қазақфильм") кинооператор, режиссер болып істеді. Гитлевич осы киностудияда документті, ғылыми-көпшілік және техникалық-насихат фильмдерімен ("Кенші даңқы", 1949; "Советтік Қазақстан", 1951,1959; "Қазақ халқының қолөнері", 1959; "Тоқымашылардың электронды көмекшісі", 1981; "Отанды қорғауға дайын бол", 1988 т.б.) қатар көркем фильмдері де ("Қанатты сыйлық", 1956; "Ботагөз", 1957; "Өз жүрегіңнен сұра", 1964 т.б.) түсірді.

Марапаттары

2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}