Ирмет Омаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ирмет Омаров (1914 жылы туған, Шымкент қаласы) – соғыс және еңбек ардагері. Ташкенттегі педагогикалық институтты бітірген. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1943–45 жылдары 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын Ташкент қаласында мектеп мұғалімі болып бастаған. 1934–42 жылдары Сайрам ауданында мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, Шымкент қаласындағы педагогикалық училищенің оқытушысы, Шымкент қалалық және облыстық партия комитеттерінің лекторы болды. Соғыс кезінде Брянск, Калинин, Балтық жағалауы майдандарында шайқасты. Соғыстан кейін облысы партия комитетінің лекторы, қалалық және облыстық партия комитеттерінің үгіт-насихат бөлімдерінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1950–70 жылдары Сайрам, Түркістан, Мақтаарал ауданы партия комитеттерінің 1-хатшысы, облысы атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Екі орденмен, бір медальмен марапатталған.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ирмет Омаров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}